«Ұлы халықтың - ұлы Абайы»

14.02.2020

2020 жылғы 14 ақпанында Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған “Ұлы халықтың - ұлы Абайы” тақырыбында салтанатты ашу іс-шарасы өтті.

Мақсаты: Ұлы ақын Абай шығармашылығын ата мұрамыз ретінде қабылдап, жаңа буын жас ұрпаққа танытып, терең меңгерту.

Мерекелік іс-шараның салтанатты ашылуы 2-курс студенті Д. Абуованың орындауында Құрманғазының «Балбырауын» күйімен әсерлі де әдемі басталды.

Жүргізушілер А.Сапарова мен М.Рысбай ұлы ақынның өмірбаяны мен шығармашылығы туралы баяндады. Абайдың дүниеге келуі, өмірі жайлы, Семейдегі мұражайы туралы шағын бейне роликтер көрсетілді. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін...» мәнерлеп оқу кезеңі, «Абай айтқан асылдар» Абайдың қара сөздерінен үзінділер оқылып, Абайдың әндері орындалды.

Қорытынды бөлімінде студенттер Абайдың өлеңдерінен үзінділер оқыды.

Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы-халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Абай шығармашылығы, философиялық ойлары, жаман әдеттен жиренуге, адамгершілікке, әділеттілікке бір-біріне деген сыйластыққа баулиды.



Текст
Виртуальная приемная